ЛҰҚПАН МҰХИТОВ

19.10.2015, 14:51
2297 рет қаралды

Лұқпан Мұхитов 1894 жылы Батыс Қазақстан облысының (қазіргі Орал облысы) Жымпиты ауданындағы қазіргі «Қазақстан» колхозында туды. Жастайынан домбыра тартып, ән салды. Әсіресе, атасы Мұхиттың әндерін айтып, әнші бала атанды. Он бес жастан бастап-ақ есімі ел аузына ілікті. Сәулебай, Қауен сынды күйшілермен кездесіп, көптеген күйлер үйренді.

1934 жылы Лұқпан жаңадан ұйымдасқан халық аспаптары оркестрінің басшы домбырашысы болып қабылданды. 1944 жылы Алматыда консерватория ашылғаннан бастап өмірінің соңына дейін Лұқпан сонда домбырадан сабақ берді. Ол 1936 жылы республиканың еңбек сіңірген артисі, 1954 жылы Қазақ ССР-інің халық артисі деген атаққа ие болды. Лұқпан Тазбала, Сәулебай, Қауен арқылы Абылдан бері келе жатқан Жайықтың сол жақ бетіндегі орындаушылық дәстүрдің күйлерін алып келді. Лұқпан Мұхитов 1958 жылы қайтыс болды.

Халық күйі "Ел айрылған":


ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚОСУ