ЖАНТІЛЕУОВ ҚАЛИ

16.01.2016, 20:14
994 рет қаралды

Қали Жантілеуов Қазақстанның Халық әртісі. 1902 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қамыссамыр деген жерде дүниеге келген.

Қали кішкентайынан үлкен шешесінің тәрбиесі арқылы табиғи музыкаға деген құмарлығының арқасында, әкесінің жасап берген домбырасымен 9 жасынан бастап күйшілік өнермен шұғылданады.

Алғашқы ұстазы Алабастың Қалиынан бірнеше күйлер үйреніп, кейін Құрманғазының шәкірттері Мәмен, Тоғайбай, Жұматай сынды шебер күйшілірден «Терісқақпай», «Ақбай»,  Баламайсанның «Дүние ғапылы» сияқты күйлерді орындауды меңгерген.

Қали Жантілеуов 1934 жылы Республика өнерпаздарының І слетіне қатынасып, әйгілі Құрманғазы атындағы  оркестрде «бас домбырашы» (концертмейстер)  болып жұмыс істейді.

Қали Жантілеуов 1991 жылы қайтыс болған.

Мәлімет: culture-bko.gov.kz

"Жігер" (Дәулеткерей) – Қали Жантілеуов


ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚОСУ