Мұсайып Хұсайынұлы

01.11.2018, 20:21
269 рет қаралды

Мұсайып Хұсайынұлы

1936 жылы Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы, Цэгэл елді мекенінде дүниеге келген.

1967 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қазақстан және Моңғолия композиторлар одағының мүшесі.  Күйші, сазгер, дирижер. Моңғолиядағы қазақтар тарихында алғаш рет опера, балет, симфониялық шығармалар жазып музыка өнерін кәсіби деңгейде дамыту ісіне елеулі еңбек сіңірген қайраткер. 

1958–1992 жылдар аралығында Баян–Өлгий аймақтық Музыкалы-Драма театрында өнерпаздық және басшылық қызметтерін атқарған. 100-ден астам шығармаларды ұлт аспаптар оркестріне өңдеп түсірді. «Бүркіт» балеті (4 перделі, 6 суретті), «Керім-ау, айдай» операсы (4 перделі, 6 суретті) және әртүрлі жанрда ән, романс, хор, кантата, поэмалар авторы.

«Туған жер» (Уланбатырда-1977ж.), «Өлгий әуендері», (Уланбатырда-1983ж. монгол тілінде), «Алтай-Қобда домбыра күйлері» (Алматыда-2011ж.) жинақ кітаптары басылып шықты. Бұл жинақтың «Шыңырау» атты екінші кітабы қолыңыздағы жинаққа енді. 

Моңғолияның «Еңбек қызыл ту», «Алтын жұлдыз» ордендері мен «Еңбек құрметі», Моңғолия жастар одағының «Құрмет белгісі» сияқты және басқада мерекелік медальдармен мемлекеттік сый-сияпаттардың иегері. Моңғолия мәдениетінің үздігі.


 

ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚОСУ