Рүстембек Омаров

15.11.2018, 23:02
198 рет қаралды

Рүстембек Бейсенұлы Омаров  Қазақ КСР халық әртісі, күйші, 1919 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы консерваториясын бітірген.

1934 жылдан Қазақ халық аспаптары оркестрінің домбырашысы, концертмейстері, солист-домбырашысы, сонымен қатар консерваторияда сабақ берген.

Ә.Есқалиев, Қ.Ахмедияров сияқты көптеген күйшілерді даярлады. Қазақ халық күйлері мұрасын, әсіресе Құрманғазы күйлерін, оның орындаушылық дәстүрін жетік меңгерген. Ол 1988 жылы дүниеден озды.

Рүстембек Омаровтың тартуында Құрманғазының "Ақсақ киік" күйі



ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚОСУ