Қарағандыда облыстық "Ақберен" байқауының жеңімпазы анықталды

07.02.2019, 17:27
111 рет қаралды

Қарағандыда облыстық "Ақберен" байқауының жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды sal-seri.kz 

Республикалық байқаудың іріктеуі болып табылатын жарыста ұлт аспаптар номинациясы бойынша Сәтбаев қаласының 10-шы сынып оқушысы Байғозиев Ілияс жеңімпаз атанды. Айта кету керек, іріктеуге Қарағанды облысынан барлығы 15 үміткер қатысты.

«Ақберен» республикалық байқауы Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады.

Байқаудың мақсаты мен міндеті: жас дарындар арасынан  гуманитарлық – эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілеті жоғары, тапқыр талантты жан –жақты өнерлі балаларды іздеп табу, кәсіби бағдар беру, ұлттық ортаны қалыптастыруға  жол көрсетіп, шешендік әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік  шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) табиғи танымдық қабілеттерін айқындау.

Байқауға республикадағы арнайы мектептердің, гимназиялардың,  лицейлердің, жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.

ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚОСУ