Алматыда Шәміл, Астанада Айтқали күйшілер мектеп оқушыларына дәріс өткізді

08.02.2019, 9:36
186 рет қаралды

Жақында екі астанамыздың мектеп оқушылары майталман күйшілермен кездесті. Атап айтсақ,  Алматыда күйші Шәміл Әбілтай № 172 мектеп-гимназиясы оқушыларымен кездессе, Астанада Айтқали Жайымов қалалық № 3 музыка мектебінің оқушыларына шеберлік дәрісін оқыды.

"Алматы ақшамы" газетінде жарияланған ақпаратқа сәйкес кездесу мектеп оркестрінің орындауында Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйімен ашылды. Әсем әуеннен кейін Шәміл ағамен жақынырақ танысу үшін «Сыр-сұхбат» айдары ұсынылды. Кейін Шәміл Әбілтай авторлық ән-күйлерімен құлақ құрышын қандырды.

Ал, бас қаладағы жиын "Астана ақшамы" газетінің мәліметінше, іс-шараны «Қазақ күйшілері» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Айтқали Жайымов шеберлік сабағында күй орындауға байланысты біраз пайдалы кеңестерді беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріпті.

ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚОСУ