Күйшілер одағының алғашқы отырысы өтті (фоторепортаж)

14.02.2019, 20:55
569 рет қаралды

Бүгін Астанада "Күйшілер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің алғашқы отырысы өтті. Отырысқа атақты күйші, дирижер, композитор Айтқали Жайымов,  Қазақ Ұлттық өнер университетінің ұстаздары мен студенттері, музыкатанушы ғалымдар, Президенттік оркестр әртістері, радиожурналистер және Петропавл мен Қарағанды қаласындағы Одақтың филиал жетекшілері қатысты

 

Алдыменен Күйшілер одағын таныстыруымен басталды...

 

Арнайы шақыртумен келген атақты дирижер, композитор, ҚР еңбек сіңірген қайраткер Айтқали Жайымов мұқият тыңдау үстінде...

 

 

 

 

Айтқали Жайымов: "Осындай Күйшілер одағын ашамыз деп ондаған жыл талпынды. Үш-төрт рет құрылды. Дегенмен біреуі де ресми тіркеуден өтпеген болатын. Мына жұмыстарыңды алдыменен ресми орган Әділет министрлігіне тіркеп алғандарың өте дұрыс болды. Енді ешкімге жалтақтамай, жеке дара ұйым болып істейсіңдер. Алдағы мақсат-міндеттерің де өте дұрыс. Жан-жақты қамтылған екен."

Жанғали Жүзбай: "Бұл істі бастағандар жастар екен. Тіптен қуанып отырмын. Барлығымыздың да тілегіміз, мақсатымыз бір ғой. Қайтсек те күй өнеріне қызмет ету. Қолдан келгенше көмекті аямаспыз"

 

Гүлнәр Әлпейісова (ҚҰУӨ музыкатану кафердасының меңгерушісі, өнертану ғылымдарының кандидаты) сөз сөйлеуде...

  

Раушан Малдыбаева (ҚҰУӨ профессоры, музыкатанушы, өнертану ғылымдарының кандидаты)


Әбілғазы Ахмадиев (күйші, Президенттік оркестр халық аспаптар ансамблінің жетекшісі)

Айгүл Байбек (музыкатанушы, өнертану ғылымданының кандидаты)

Сәрсенғали Жүзбай - күйші, журналист

Рымхан Әбілхан - күйші, ҚҰӨУ оқытушысы

Айтқали аға ескі салтпен жаңадан құрылған ұйымға бата беріп, ақ жол тіледі


ПІКІРЛЕР

    • Жақсылық
    • 15.02.2019

    аЙТҚАЛИ АҚСАҚАЛДФЫҢ БАТАСЫ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

ПІКІР ҚОСУ