Петропавлда "Күйшілер одағының" облыстық күй фестивалі өтті (фоторепортаж)

16.05.2019, 17:59
217 рет қаралды

15 мамыр күні "Күйшілер одағының" ұйымдастыруымен Петропавл қаласында Арқа күйшілік мектебіне арналған "Қосбасар" күй фестивалі өтті

Шара ансамбльдің күй шашуымен басталды

Фестиваль барысында аймақтың ардагер ұстазы Тойкен Күдероваға Одақтың "Құрметті мүшесі" куәлігі және Құрмет грамотасы табысталды

Сондай-ақ, барлық қатысушылар Т. Әсемқұловтың "Талтүс" күйлер жинағы мен алғыс хаттармен марапатталды.

Н. Погодин атындағы орыс драма театрының директоры Спартак Өмірзақұлы Рамазанов және "Urpaq" қазақ мәдени орталығының меңгерушісі Гүлбақша Нұрмұқанқызы Мұсабаева ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

 

"Күйшілер одағы" жайында білу үшін басыңыз

 


ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚОСУ