АРҚА ӘНШІЛІК ДӘСТҮРІ

14.04.2013, 16:13
137574 рет қаралды

Ұлттық ән өнерінің тарихы мың қатпар. Заманалар бойы еліміздің әр өңірінде өзіндік иірім-қайырымымен дамып, бірін бірі толықтырып, жетілдіріп отырған. Ежелгі жыраулық дәстүрдің қазақ хандығы тұсында мейлінше кемелденіп, ұлттық рухтың ұстынына айналғанына тарих куә.

Жыраулар өз кезеңінің ақындық, орындаушылық, шешендік биік мінберінен ханға кеңес беретін, мемлекеттік істерде атой салып, алдыға шыққан айрықша қайраткерлегімен де еркшеленген. Хандық дәуір ыдырап, бодандық бұғауы мойынға ілінген тұста, жыраулық дәстүр де әлсірей бастады. Дәл осыдан кейін жыраулардың ізін басып, өнер туын ұстап, басқа бір формада, жаңаша екпінмен дала сахнасында сал-серілер өз отауын тікті. Ұланғайыр қазақ даласының кең қонысында сал-серілік дәстүрі жергілікті ерекшеліктеріне қарай жіктеліп, әртүрлі сипатта дами бастады.

Соның ішінде еліміздің Шығыс, Орталық және Солтүстік өңірін қамтыған Арқа әншілік дәстүрінің ауқымы кең, мәнері өзгеше, мазмұны бай. Арқа ән дәстүрінің кемеліне келген тұсы – Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мәди секілді бірінің ізін бірі басып, ән әлемін әртүрлі сипатта, алуан тақырыпта дамытқан сал-серілер шоғырының сахарамызды сән-салтанатқа бөлеген мезгілі. Бұл дәстүр одан бергі бұралаң кезеңдерде де булығып қалған жоқ. Алтын арқауы кешеден бүгінге – Әміре, Қали, Қосымжан, Манарбек, Жүсіпбек, Мәдениет, ШәкірҚайрат, Жәнібек, Болат, Мейірхандармен зау биікке көтерілді. Бүгінде Арқа дәстүрінің орындау мәнері мен өзіндік әлемін жалғап, өнер тізгінін қолына алғандар сапында Жоламан Құжиманов, Бекболат Тілеуханов, Толғанбай Сембаев, Амангелді Жікенов, Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкіман, Берік Омаров, Ербол Айтбаев, Сержан Мұсайынов, Ардақ Исатаева, Ерлан Рысқалилар бар.

Сейітжан сал Көрпешұлы Баһрам
 

Мұстафа Бүркітбайұлы

Біржан сал Қожағұлұлы

Жаяу Мұса Байжанұлы

Ақан сері Қорамсаұлы

Мәди Бәпиұлы

Шашубай Қошқарбайұлы

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы

Әсет Найманбайұлы

Естай Беркімбайұлы

ПІКІРЛЕР

    • Қиса
    • 11.06.2013

    Мұхамеджан Майбасарұлы, Ақылбай Абайұлын да қосыңыздар.

    • мен ғой
    • 19.10.2017

    "Сырғақты" кімнің әні? Біржан салдікі ме, Уәйіс Шондыбайұлынікі ме?

    • Құмарбек
    • 13.01.2019

    Негізі "ЫРҒАҚТЫ" болуы керек ... бұл ән Біржан Салдікі

ПІКІР ҚОСУ