Сыбызғы

02.02.2014, 14:12

cd7b3476af9a68055ca61942c2fa7517

Сыбызғы – кең таралған үрмелі аспаптардың ең көне түрі. Бұл аспапта көбіне бақташылар мал бағып жүрген кезде жалғыздықты жеңу үшін ойнаған, ал кешкілік уақытта сыбызғы жыр-аңыздарды сүйемелдеуге пайдаланылған. Сыбызғы аспабын көкқурай, қарақурай, таңқурай т.с.с. қуыс талдардың қурайын жасап, оған үштен жетіге дейін саңылау ойған. Қурай ағашы жарылып кетпеу үшін оның сыртын мал ішегімен не өңешімен қаптаған. Бұл әдіс аспап үнінің таза әрі ұзақ сақталуымен қатар, аспаптың жауын-шашынға төзімді болуы үшін пайдаланылған. Аспаптың жалпы ұзындығы 70-75 см болып келеді. Сыбызғы аспабын жасау оңай әрі тез болғанына қарамастан, аспапта ойнау өте күрделі. Әдетте сыбызғы аспабында орындалатын күйлер екі дауысты болып келеді. Бір дауыс орындаушы дыбысы болса, екінші дауыс аспаптан шығады. 

Мәлімет massaget.kz сайтынан алынды.

 Сыбызғышылық өнер жайлы

 Сыбызғышы Кәлек Құмақайұлы

 Сыбызғышы Талғат Мұқыш

ПІКІРЛЕР

ПІКІР ҚОСУ