БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӘНШІЛІК ДӘСТҮРІ

Батыс өлкенің кәсіби ән мектебі эпикалық дәстүр негізінде дамыған. Ахмет Жұбановтың: «Қазақтың халықтық музыка мәдениетінде, оның ішінде, әннің дамуында жыршылар да үлкен рөл ойнайды» деген пікірі ән мен жыр егіз ұғым саналатын осы өлкеге де қатысты. Батыс өңірдегі жыраулық-жыршылық өнердің жергілікті әншілік мектептің қалыптасуы мен өркендеуіне зор әсері болғаны анық. Ғұрыптық фольклор, қара өлеңдерден бастау алып дамыған мәтөк әндер, күлдіргі әндер, сағыныш әндер, қоңыр әндер деп аталатын лирикалық туындылар батыс өлке дәстүріндегі ән жанрының кең тақырыптық ауқымын көрсетеді.

07a5fe53c294d9f349de3eeb74dd3752

Маңғыстау әндері жалпы батыс әндерінен домбыра қағысының, әуен екпінінің жайлылығымен ерекшеленеді. Маңғыстау жерінде  XIX ғасырда «Жеті қайқы» деген атпен жеті өнерпаз өмір сүрген. Ол өлкеде «қайқы» деген сөз «сал-сері» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде Маңғыстау әндері деп айтылатын әндердің басым көпшілігі  - әнші-күйшілігімен, ақындық, сазгерлік өнерімен елге белгілі Досат, Өскенбай, Тұрсын, Әділ, Жылгелді, Тастемір, Шолтаман сияқты әнші-композиторлардың шығармалары.

Мәлімет "Мың ән" жинағынан алынды.

МҰХИТ МЕРАЛЫҰЛЫ

Ғарифолла Құрманғалиев

Әли Құрманов

Қатимолла Бердіғалиев

Қаламқас Орашева 

Амандық Көмеков

Сағадат Рахметжанов

Айгүл Қосанова