ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ

Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, уақыт өте келе, авторлары ұмытылып, бүгінгі күнге халық әндері болып жеткен жәдігерлер дәстүрлі музыкамыздың ең бір мол қазынасы. Халық әндерінің құрылымы, әуендік тілі қарапайым, диапозоны шағын, әуезді келеді. Дегенмен, халық әндерінің ішінде құрылымы күрделі, диапазоны кең дәстүрлі кәсіби әндермен пара-пар келетін үлгілерде кездеседі. Мысалы, «Алқоңыр», «Ақбақай», «Сұржекей», «Гауһартас», т.б. осы сипатты әндер. Сонымен бірге, әр өңірде қалыптасқан орындаушылық мәнер, интонциялық, ладтық ерекшеліктерге байланысты халық әндерінің әуен-сазы, пішін, құрылымы алуан түрлі болып келеді.

Мәлімет "Мың ән" жинағынан алынды.

Халық әндерін төмендегі әншілердің орындауында тыңдай аласыздар!

 

Толғанбай Сембаевтың орындауында халық әні - Қарғам-ау

 

Жүсіпбек Елебековтың орындауындағы халық әндері:

Сәулем-ай
Қарғам-ай (1-түрі)
Қарғам-ай (2-түрі)
Бес қарагер (1-түрі)
Бес қарагер (2-түрі)
Гауһартас (1-түрі)
Гауһартас (2-түрі)
Назқоңыр
Балқурай
Аққұм
Жиырма бес
Қарагөз
Екі жирен
Ғани
Шапибай-ау

Жамал Омарованың орындауында халық әні - Абай гүлім-ау