ҚАРА ӨЛЕҢ

Қара өлең – музыка мәдениетіміздің ең көне, алғашқы баспалдығы.

Әдетте, екінің бірі, яғни әншілік дайындығы жоқ кез-келген адам орындай беретін, қарапайым әндерді қара өлең дейді. Қара өлеңдер көпшілік жиналған жерде, думан, тойларда, дастархан басында, көбіне, аспап сүйемелінсіз айтыла береді. Қара өлеңнің тақырыптық аясы өте кең, оған ел жайлы, жер сағынышы, ғашықтық сезім, жалпы адам өмірі мен болмысына тән барша құбылыстар арқау бола береді. Қара өлеңмен айтысатын айтыс түрлері де болған. Осы жанрды зерттеп жүрген ғалымдарымыздың пайымдауынша, «қара» деген сөздің өзі «ескі» деген ұғымды да білдіретін көрінеді. А.Затаевичтың «Қазақтың 1000 әні» атты еңбегінде  «ескі ән» деген атаумен де кездесетін әндер бар. Ертеректе қара өлеңді «қара әуез» деп те атаған. Қазіргі күнде де Моңғолия қазақтары қара өлеңді «қара әуез» деп атайды.

Мәлімет "Мың ән" жинағынан алынды.